Білім мекемесіне Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның есімі берілгенін айта кетейік. Мектепте балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған деуге болады. Білім ордасында оқушылардың қолөнермен, тігін тігумен айналысуына, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына толық мүмкіндігі бар.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа жүйесі бойынша осындай жекеменшік салынған мектептерге мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққанда қаражат төленеді. Бүгінде бұл жүйеге Шымкент қаласындағы бірқатар мектептер көшкен. Мәселен, 2018-2019 оқу жылында Шымшаһардағы 11 жекеменшік мектептің 4200 оқушысы мемлекеттік сатып алу аясында қаржыландырылған айта кеткен жөн.
«SN.kz» - ақпарат»