$ 449.3  489.69  4.89

Алматылық оқушылар АҚШ-та өткен олимпиададан жүлдемен оралды

Әбдіқадыр Темірлан алтын жүлдені, ал Өміртай Ерасыл күміс жүлдені иеленген.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Қазақстандық оқушылар Бостонда өткен Оwlimpia the intellectual's challenge олимпиадасында жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматыдағы мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Гарвард университеті ұйымдамстырған олимпиадаға қатысып, білім мінбесінің тұғырында еліміздің көк байрағын желбіретті.

Осылайша, Әбдіқадыр Темірлан алтын жүлдені, ал Өміртай Ерасыл күміс жүлдені иеленген. 

Білім беру мекемесінің мәліметінше, олимпиадаға әлемнің 25 елінен келген 500-ден аса оқушы қатысқан. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Аустралия, Германия, Үндістан, Қытай және тағы басқа елдердің оқушылары бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары