$ 449.58  486.94  4.86

Жаркенттік бала шашына Абайдың суретін салғызған

Ұлы ақын Абайдың суретін шашына салғызған жігітке жұрт тәнті болды.

Жаркенттік бала шашына Абайдың суретін салғызған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы спорт және мәдениет министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаев желідегі парақшасында жазба қалдырған. Ол жаркенттік жігіттің шаш үлгісін көргетіп бейнежазба жүктеген. Ұлы ақын Абайдың суретін шашына салғызған жігітке жұрт тәнті болды.

Айдар Қырықбаев Ғани есімді 7-сыныптың оқушысын Жаркент қаласында кезіктіріп, оның ақынға деген ерекше құрметіне дән риза болған.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде ақынның 175 жылдығына арналған Абай өлеңдерін оқудан эстафета өткен болатын. Кішкентай қыз бастаған эстафетаны президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғап, ақынды ерекше еске алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай