13.08.2019, 15:50

Елімізде докторантураға түсушілерге қандай талаптар қойылады?

Шілде айында Ұлттық бірыңғай тестілеу қайтадан өткізіліп, оның нәтижесінде білім беру гранттары таратылды. Магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдау жалғасуда.

Докторантураға түсу үшін қазақстандықтар халықаралық емтиханды ағылшын тілінде тапсырғаны туралы анықтаманы ұсынуы керек, деп жазады Stan.kz ақпараттық порталы.

Қазақстанда болашақ докторанттарға қойылатын талаптар өзгерді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Кеңес үкіметі кезінде де үміткерлер кем дегенде бір шет тілін білу керек болатын. Бұрын Қазақстанда IELTS немесе TOEFL сертификаттарын тапсыру немесе Ұлттық тестілеу орталығында емтихан тапсыруы керек-тін. Қазір біз тек сертификатты қалдырдық. Орташа балл өте төмен: 4.5. Бұл аса қиын көрсеткіш емес», - деді Аймағамбетов.

Қазақстанда 132 жоғары оқу орны бар. Шілде айында Ұлттық бірыңғай тестілеу қайтадан өткізіліп, оның нәтижесінде білім беру гранттары таратылды. Магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдау жалғасуда.