$ 448.15  483.46  4.86

Балалар 6 жастан бастап оқыса, мектептер үш ауысымға көшуге мәжбүр

Әзірге бұл мәселеде Шымкент қаласымен қатар, Алматы, Атырау облыстары көш бастап тұр. Ал жалпы Қазақстанда үш ауысымда оқитын 120 мектеп бар.
фото: Almaty.tv
фото: Almaty.tv

Биылғы оқу жылында 405 мың бала мектеп табалдырығын аттайды. Бұл – 2018 жылмен салыстырғанда, 20 мың балаға көп, деп жазады abai.kz.

Алайда, мұның демографиялық деңгейге еш қатысы жоқ. Себебі, биыл бірінші сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады. Ересектердің қарсылығына қарамастан, бұл норма бәрібір енгізілді. Алайда, ата-аналардың алаңдауына еш негіз жоқ дейді министрлік.

– Заң нормасы бар. Мен мемлекеттік қызметкер ретінде, министр ретінде бұл норма орындалуы керек деп санаймын. Сондықтан 6 жастан бастап балалар мектепке барады, бірақ бұл – ата-ананың құқығы. Біз бұл туралы бұрын да айттық. Алты жасқа келмеген баланы оқуға мәжүрблеу бізде жоқ, – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Алайда, шенеуніктер бұл тығырықтан үш ауысымды оқу жүйесі арқылы шығатын секілді. Әзірге бұл мәселеде Шымкент қаласымен қатар, Алматы, Атырау облыстары көш бастап тұр. Ал жалпы Қазақстанда үш ауысымда оқитын 120 мектеп бар. Алайда бұл мәселені асығыс шешу оң нәтиже бермейді. Мәселен, Нұр-Сұлтанда бұл мәселені шешу алдағы бес жылға жоспарланып отырған көрінеді.

– Ал 1 қыркүйекте үш ауысымды 8 мектеп болады деп күтіп отырмыз. Сондықтан елорданы дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, алдағы бес жылда біз 37 мектеп салуымыз керек, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары