$ 448.89  477.93  4.76

Ұялы телефон пайдаланған 200-ден астам талапкер қуылды

Сыбайлас жемқорлық деректерін төмендету мақсатында магистратураға түсудің жаңа форматы қабылданды.

Алматыда магистратураға тапсыру емтиханы кезінде 200-ден астам студент шығарылды, деп хабарлайды tengrinews.kz, Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Елімізде сыбайлас жемқорлық деректерін төмендету мақсатында магистратураға түсудің жаңа форматы қабылданды. Арнайы мониторингтеу тобының мүшелері 10 тамыздан бастап Алматыдағы 6 жоғары оқу орны базасында кешенді тестілеу бойынша бақылау жүргізуде. Осы аралықта 200-ден астам талапкер тестілеуден аластатылған.

«Мүмкін кейбір түлектер тестілеудің ережесін дұрыс түсінбегендіктен болар, ұялы телефонды пайдалану жағдайлары болды. 200-ден астам түлек ереже бұзғаны үшін тестіге қатыспай шығып кетті. Жемқорлық деректері бойынша ешқандай жағдай болған жоқ», - деді мониторингтік топ мүшесі Ерқанат Мәдиұлы.

Айта кетейік, биылдан бастап магистратура және PhD докторантураға түсудің тәртіптеріне өзгеріс енгізілген болатын. Егер бұрын ағылшын тілінен тест тапсырмаларын талапкерлер өзге оқу орындарының базасында тапсырып келсе, қазір барлығы бір жерде қабылданады. Яғни, кешенді тест форматында жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары