$ 494.87  520.65  4.91

Алғашқы қоңырау: бүгін елімізде мектеп табалдырығын 400 мыңнан астам бала аттады

2019-2020 оқу жылында елімізде 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерде 3 млн-нан астам оқушы оқуын жалғастырады.
фото: http://zgazeta.kz
фото: http://zgazeta.kz

Бүгін, 1 қыркүйек – еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау! Оқушыларды ұстаздары қарсы алып, салтанатты жиын өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Білім министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан мектептеріндегі алғашқы қоңырау жексенбі күні 1 қыркүйекте соғылады. Алғашқы қоңыраудан кейін сабақ болмайды. Оқу дүйсенбі, яғни 2 қыркүйектен бастап өткізіледі.

Биыл елімізде алғаш рет 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды.

Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылында елімізде 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерде 3 млн-нан астам оқушы оқуын жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары