$ 522.49  547.88  5.06

16 мектеп жөнделді: төтенше жағдай жарияланған Арыс қаласы да жаңа оқу жылына дайын

Жалпы, материалдық базаны жаңартуға 450 млн теңге қаржы қарастырылған.
фото: mail.kz
фото: mail.kz

Түркістан облысының Арыс қаласындағы мектептер жаңа оқу жылына толық дайын. Бұл туралы қалалық Білім бөлімінің басшысы Әбдіхан Мұсаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Арыс қалалық Білім бөлімі басшысының сөзіне қарағанда, төтенше жағдай жарияланған Арыс қаласында 26 орта мектеп пен 14 бастауыш білім беру нысаны бар. Олардың ішінде 16 нысанға жарылыстың зардабы тиген.

Мамандар мектептерді қалпына келтіру жұмыстарын үш басым бағыт бойынша жүргізген. Атап айтқанда, зақымданған ғимараттарды тез арада қалпына келтіріп, қираған материалдық қажеттіліктерді жаңғырту ісін қолға алған. Сондай-ақ, арыстық балаларға психологиялық көмек көрсету үшін жазғы лагерлерге жолдама берумен айналысқан. Жөндеу жұмыстары мен материалдық базаны жаңартуға еліміздегі алпауыт компания көмектескен.

Нәтижесінде, жаңа оқу жылында аталған мектептердің жөндеу жұмыстары аяқталып, заманауи техникалармен толықтырылды. Одан бөлек, парталар мен тақталар да жаңартылып, әр сыныптың өзіндік сипатына да ерекше мән берілген.

Жалпы, материалдық базаны жаңартуға 450 млн теңге қаржы қарастырылған. Енді осы ғимараттарда оқушылар талапқа сай білім алатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары