02.09.2019, 14:50

Мұғалімдердің жалақысы қашан, қанша пайыз өседі? - Тоқаев жауап берді

Президент тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырды.

Келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.  

"Тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырдым. Бұл келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтеріледі деген сөз", - деді Президент жолдауында.