$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақ тіліне қастандық бұл»: Мұхтар Тайжан Сағадиевке заң алдында жауап беретінін ескертті

Орыс тілі мен әдебиеті бөлек оқытылады екен. Ал қазақтың қос пәні пышақтың қырындай бір-ақ оқулыққа сыйдырылып отыр. Қазақстан Республикасында!

Белгілі саясаттанушы әрі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің біріктіріліп оқытылатынына қарсы пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол facebook парақшасына желі қолданушы Ардақ Бөкееваның жазбасын жүктеп: «Қазақ тіліне қастандық бұл. Сағадиев, судың да сұрауы бар, сен де заң алдында жауап бересің әлі. Ерболат Мұхамеджан, інім, бұны жылдам түзету керек!» – деп қатаң ескерту жасаған.

Енді Ардақ Бөкееваның орысша жазылған жазбасын түпнұсқадан тікелей аударып ұсынсақ, ол былай деген:

«Жалпы, менің филолог жиенім алдағы сұмдықтар туралы айтты, бірақ мен оған қатты сенбедім (мұғалімдер бір-біріне ватсап арқылы жібергенін білемін). Кеше мен Колобоктің қазақ тіліне (орыс мектебінің 6 сыныбы) көмектесемін деп үндей алмай қалдым – енді қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бір пән! Қалыңдығы бір жарым сантиметр болатын бір оқулықта, яғни олар есімше мен шақтарды отбасы туралы шағын мәтіннен айыратын болған, ал тапсырмасында Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірбаяны және шағын суреті бар. Сондай-ақ, оның «Абай жолы» романынан үзінді берілген. Біз оны университеттің үшінші курсында оқыдық. Бұл не қылған саботаж, ә?».

Сондай-ақ, жазба авторы: «Қанбақ-шал немесе Мақта-қыз, мақал-мәтелдер, Бақа-Бақа-Балпақ және тағы басқалар қайда? Неліктен мемлекеттік тіліміз қазақ тілі деп жазылған елде тіл мен әдебиетті бөлек оқудан бас тартты? Мен таңғалысымды жасыра алмай отырмын, отандастар! Министрлік бұл жайттан хабардар ма, олар бұл сұмдықты қалай түсіндіреді?» – деп ашынған.

Оның «өзім арнайы тексеріп шықтым» деп тұрып атап көрсеткеніндей, орыс тілі мен әдебиеті бөлек оқытылады екен. Ал қазақтың қос пәні пышақтың қырындай бір-ақ оқулыққа сыйдырылып отыр. Қазақстан Республикасында!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары