$ 494.87  520.65  4.91

Динара Құлыбаева "Astana IT Universіty" атты жаңа оқу орнын ашты

ЖОО 3200 студентті, яғни, 2600 бакалавр және 600 магистрді қабылдай алады. Қаңтар айынан бастап университетте шетел мамандары сабақ бермек. Ал, техникалық мамандықтарды ағылшын тілінде үйретеді.

Astana IT University жоғарғы оқу орнының  құрылысы 10 айға созылған екен. Нұр-Сұлтандағы жаңа білім ордасында Қазақстанның барлық аймағынан іріктеліп алынған 600 студент оқитын болады, деп жазады Жас Алаш.

Нұрсұлтан Назарбаевтың білім фонды ақпараттық технологияны заманауи әдіспен үйретуде көшбасшы саналатын Astana IT University-ді таныстырды. Оқу нысаны ЭКСПО аумағында орналасқан.

Су жаңа ЖОО-ның таныстырылымына фонд директоры Динара Құлыбаева, "Атамекен" ҰКП президиумінің төрағасы Тимур Құлыбаев пен премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев,  білім, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Құрылысты жүргізген  BI-Group компаниясы өкілінің сөзінше, аталған оқу орны  қатал академиялық білім нысандарына ұқсамайды. Аратұра, "лаунж-бар немесе ашық кеңсені еске салатынын" айтады. Университетте 680  бөлме бар. Олардың 140-ы оқу аудиториясы. Сондай-ақ, коворкинг-аумағы, жайлы кітапхана, спортзал, Аррle және 1С, Oracle сияқты компаниялардың тематикалық кабинеті бар.

ЖОО 3200 студентті, яғни, 2600 бакалавр және 600 магистрді қабылдай алады. Қаңтар айынан бастап университетте шетел мамандары сабақ бермек. Ал, техникалық мамандықтарды ағылшын тілінде үйретеді.

Студенттер Astana IT University-де 3 жыл оқитын болады. Оқу орнын тәмамдаған соң, 3 жыл Қазақстанда жұмыс істеуі шарт.

"Сіздер қиын конкурстан өтіп, маңызды жеңіске қол жеткіздіңіздер. Мемлекетіміз сіздерге үлкен мүмкіндік жасап отыр. Назарбаев білім фонды шығармашылық орта қалыптастыру үшін барлық жағдайды жасайды. Ел экономикасын дамытуға бағытталған  IT саласындағы стартап-жобалар  дәл осы жерде жүзеге асатын болады"-деді, Нұрсұлтан Назарбаев білім фондының директоры Динара ҚҰЛЫБАЕВА

Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ 4 жылдық оқу бағдарламасын аталған университеттің студенттері 3-ақ жылда аяқтап шығатынын атап өтті.

"2018 жылы Жоғарғы оқу орындарының академиялық еркіндігі туралы маңызды заң қабылданды. Осыған дейін біздің студенттер "Паскаль", "Дельфи" сынды маңызы жоқ  программалау тілін оқып келді. Алайда, қазір университеттерде еркіндік бар. Олар бірінші кезекте кәсіби стандарттарға мән береді. Ал, 4 жылдық бағдарламаны  3 жылда аяқтап шығу мен үшін тың жаңалық"-деді, министр Асхат Аймағамбетов.

Ал, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің елордада кибер-спорттан жарыс өткізу туралы ойланамын деген сөзі студенттерге майдай жақты.

Astana IT University ректоры Қанат Қожахмет білім алудың тиімділігін арттыру үшін университеттегі жүзеге асатын бірнеше модульдермен таныстырды:

 - Әуелі, университетте студенттер мен оқытушылардың еркін сөйлесуі үшін өзіміздің aitu.net әлеуметтік жүйесін ашуды көздеп отырмыз. Ал, aitu.ask модулі студенттер сұрағына оқытушылар мен өзге тәлімгерлердің жауап жазатын сарапшылық платформасы болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары