Халықаралық ғалымдар тобы Арал теңізінің пайда болғанына 24 мың жыл болғандығын айтып отыр. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының "Наука в Сибири" басылымы жариялады деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".
Зерттеу жұмыстарына қатысқан В.С.Соболев атындағы геология және минералогия институтының (Новосібір) ғылыми қызметкері Сергей Кривоногов та қатысты. Ол Арал теңізін 13 жылдан бері зертеп келе жатқан ғалым. "Ғалымдар радиокөміртектік әдіс арқылы теңіздің пайда болған жылын шамалап анықтады. Яғни, Арал осыдан 20-24 мың жыл бұрын теңіз болып қалыптаса бастаған деп сеніммен айта аламыз" делінген аталған мақалада.
Ғалымдар теңіз түбіндегі қатпардан бастап тартылып қалған жерлердегі қалдықтардың үлгілерін алып, түгел көміртектік құрамға зерттеген. Нәтижесінде Арал теңізінің қай кезеңде пайда болғаны белгілі болып отыр.
Мақалада айтылғандай, Арал маңы ежелгі мәдениеттің орны болған. Табылған жәдігерлер мұнда өмір сүрген адамдардың егістікпен айналысқанынан белгі береді. Мамандардың пікірінше, соңғы 2 мың жылда Арал бүгінгідей бірнеше рет тартылып, қайта арнасына толған екен. Соңғы тартылу XVI ғасырда орын алған. Мұнан кейін Әмудария өзені қалпына келіп, теңіз деңгейі айтарлықтай көтерілген. Мәселен, І Петр патшаның және Иван Грозныйдың кезіндегі жазбалардан Аралдың ірі теңіз болғанын аңғаруға болады.
Ғалымдар болса мұнан кейін Аралдың қашан қалпына келетіні белгісіз деп отыр. Өйткені, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, көп жағдайда "қарт" теңіз көлдің деңгейінен аспаған көрінеді.