$ 494.87  520.65  4.91

Оқушылар өз бастамаларымен таныстырды

Қалалық байқауға 56 білім беру ордасынан 192 жоба қатысты. Ең үздік 70 жобаға 37 білім беру ордасынан қатысқан оқушылар 58 жетекшімен дайындалған. «Отаныма деген менің бастамам» қалалық шығармашылық жобалар байқауында 9 номинация бойынша 133 адам жоба қорғады.

Алматы қаласы №168 мектеп-гимназиясы базасында Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Отаныма деген менің бастамам» қалалық шығармашылық жобалар байқауы өтті. Байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы Білім басқармасымен «№5 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастырды.

Аталған байқау «ХХІ ғасырда ұлттық сананы жаңарту, ұлттық бірегейлікті сақтау» тұрғысында жас ұрпақтың сана-сезімін жетілдіруді, саяси тұрақтылықты дәріптеу арқылы жастар өнерін дамытуды, ұлттық өнеріміздің және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен көтеруді мақсат еткен.

Шараға қаланың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты – балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің арасындағы балалар мен жастар бастамаларының дамуына ықпал ету. Ал балалар мен жастардың назарын әлеуметтік өзекті мәселелерге аудару, әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін-өзі дамыту қажеттілігін жетілдіру, азаматтық және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, инновациялық бастамалар мен стартаптарды жүзеге асыру алаңын құру, қоғамдық белсенділік пен әлеуметтік жобалау дағдыларын дамыту, балалар мен жастардың табысты жобалық тәжірибелерін бағалау және тарату, іс-шараларға тарту арқылы балалардың қосымша білім берумен көп қамтылуына ықпал ету байқаудың негізгі міндеттері болды.

Айта кетейік, байқау «Өз жылуыңмен бөліс», «Туған қалаға – игілікті істер», «Мен – Қазақстанның азаматымын», «Медиа жобалар», «Менің кіші Отаным», «Казақстанның жеті кереметі», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңғырту полюсі», «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациялары бойынша өткізілді.

Әр номинацияның өз тақырыптық бағыттылығы, мақсаты, іске асыру әдісі, көрнекті құралдары, техникалық тәсілдері, заман сұраныстарына сәйкестілігі бар. Шығармашылық жобалар байқау шарттарына сәйкестілігі, жобаның әлеуметтік тиімділігі, міндеттеріне қарай әрекеттер жоспарының болуы, жобаны іске асыруға қажетті талаптарды сипаттау, автордың жеке өзі қосқан үлесі, жұмысты рәсімдеу сияқты белгілерге қарай бағаланды.

Қалалық байқауға 56 білім беру ордасынан 192 жоба қатысты. Ең үздік 70 жобаға 37 білім беру ордасынан қатысқан оқушылар 58 жетекшімен дайындалған. «Отаныма деген менің бастамам» қалалық шығармашылық жобалар байқауында 9 номинация бойынша 133 адам жоба қорғады.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру «Отаныма деген менің бастамам» қалалық шығармашылық жобалар байқауына қатысу абыройлы, мәртебелі іс болып саналады. Бұл жоба Қазақстанның жас таланттарына білім әлеміне жасағалы жатқан сапарларына лайықты бастама бола тұра, оларға өмірлік жолдама ретінде қызмет көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Отаныма деген менің бастамам» атты байқау бірнеше жыл қатарынан еліміздің түкпір-түкпірінде аудан, қала, облыс және республикалық деңгейде ұйымдастырылып, жастардың еңбектері бағаланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары