$ 494.87  520.65  4.91

100 жаңа оқулық: оқу орындарындағы нәтиже

Аударма бюросы редакторларының әңгімелерін тыңдаған университет студенттері оқулықтардың дер кезінде таралуы мен терминдердің оңтайлы болуын сұрады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық саланың мамандары ауадай қажет екендігін баса айтқан болатын. Осы орайда, Елбасымыз тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайықты білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.

Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде елімізде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынып отыр. Осы орайда, Алматы университетінде «Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық жобасын іске асырудағы өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы әлемдегі ең құнды 100 оқулықтың қазақ тіліндегі нұсқасын болашақ кәсіби мамандардың санасына жеткізу барысын жан-жақты баяндауды мақсат еткен шараны университеттің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі; ғылыми кітапханасы ұйымдастырған. Шараға аталған оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, студент жастар қатысты.

Атап айтқанда, Ұлттық аударма бюросының редакторлары Мұхтар Сеңгірбай, Серік Үкібай және Дәурен Дариябек арнайы қатысып, 100 жаңа оқулық аясындағы жұмыстармен толығырақ таныстырды.

Шараның спикері Дәурен Дариябек аударма ісіндегі негізгі мәселелерге тоқталып: «Аударма ісі – жауапкерлішікті талап ететін өте маңызды іс. Аудармадағы бір терминнің дұрыс берілмеуі бүкіл оқулыққа зиян келтіріп, жастардың біліміне кері әсер етеді. Сондықтан терминдерді, әсіресе, экономикалық терминдерді аударғанда аса ұқыптылық пен түпнұсқаны сақтай алу маңызды», - деді.

Аударма бюросы редакторларының әңгімелерін тыңдаған университет студенттері оқулықтардың дер кезінде таралуы мен терминдердің оңтайлы болуын сұрады.

Сонымен, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасынан келешекте жоғары деңгейдегі оң нәтиже күтіледі, әрі оның жақсы мүмкіндік беретініне сеніміміз мол. Себебі, бұл бастама – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеруге, қазақстандық ғылымды әлемдік деңгейге жеткізуге бағытталып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары