Білім & Ғылым 21.10.2019 сағат 16:00

«Мұхамеджан Тазабектің мектептерге дәріс оқуға хақысы жоқ» - Білім және ғылым министрі

«Білім беру ұйымдарына кез келген адам келіп, өздерінің діни көзқарастарын айта алмайды», - деді Аймағамбетов.
«Мұхамеджан Тазабектің мектептерге дәріс оқуға хақысы жоқ» - Білім және ғылым министрі
фото: zakon.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бөтен адамдардың мектептерде дәріс оқуына тыйым салды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол журналистердің «қазақ мектептерінде Мұхамеджан Тазабек дәріс оқыды ма?» деген сұрағына жауап ретінде айтты.

«Мектептегі іс-шараларды тек мұғалімдер ғана жүргізе алады. Осы орайда, Мұхамеджан Тазабек дәріс оқуға келді деп топшылау дұрыс емес. Өйткені, ол мектептерде дәріс сабақтарын өткізбеді. Мектептерде онымен кездесу жоспарланып жатыр деп айтуға да негіз жоқ. Ондай болған жағдайда, бірінші мен хабардар болатын едім. Болмаған мәселені талқылаудың да қажеті жоқ», - деп жауап берді министр.

Сондай-ақ, оған журналистер тарапынан алдағы сұраққа ұқсас, мектептер мен колледждерде кімдер дәріс оқи алатындығы туралы да сұрақ қойылды.

«Мұхамеджан Тазабектің мектептерге дәріс оқуға хақысы жоқ. Егер сіз діни немесе басқа мәселелерге қатысты сұрасаңыз, білім беру ұйымдарына кез келген адам келіп, өздерінің діни көзқарастарын айта алмайды», - деді Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, полиция қызметкерлері бұған дейін Мұхамеджан Тазабектің дәрісіне байланысты Ішкі істер министрлігінде тексеріс басталғанын хабарлаған болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар