$ 494.87  520.65  4.91

Алматы көшелері кітап сөрелерімен толығады

Бірақ оның орнына не басқа кітап қоюы қажет, не болмаса оқып бітіргеннен соң қайта орнына әкелуі тиіс. Шараның мақсаты да осы. Осылайша елімізде кітап алмасу мәдениеті артады, - дейді ұйымдастырушылар.
Фото: syrboyi.kz
Фото: syrboyi.kz

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Республикалық букроссинг шарасы аясында Алматы көшелері мен ойын-сауық орталықтары жаңа кітап сөрелерімен толығады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Енді Алматы қаласындағы ойын-сауық орталықтарында арнайы кітап сөрелері орнатылады. Соның арқасында кез келген оқырман мұндағы өзін қызықтырған еңбекті алып кете алады. 

Бірақ оның орнына не басқа кітап қоюы қажет, не болмаса оқып бітіргеннен соң қайта орнына әкелуі тиіс. Шараның мақсаты да осы. Осылайша елімізде кітап алмасу мәдениеті артады, дейді ұйымдастырушылар.

«Елімізде бұл мәдениет түрі дамымаған. «Букроссинг» жобасы осы бағытта қолға алынып отыр. Демек оқырман шкафта тұрған кітаптарды қайтарымсыз алып кетпей, оның орнына басқа оқулық алып келуі қажет. Болмаса оқып біткеннен кейін орнына қою керек деген ережелерді әр кітаптың мұқабасына түсінікті етіп жазып қоямыз», – деді «Social Development Center» әлеуметтік қорының атқарушы директоры Біржан Қазтұрғанов. 

Айта кетейік, қазірдің өзінде Алматыда осындай сөренің 9-ы орнатылған. Олар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, «Жібек Жолы» метро стансасында орналастырылған. 

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік,  қазір кітап алмасу айтарлықтай кең ауқымды қамтыды.  

Бұл іс-шараның негізігі мақсаты «Оқы да, өзгеге бер» деп аталады. Мұндай кітап алмасу шарасы бұрыннан бері өткізіліп келеді. 2014 жылы осындай науқан Алматыдағы 28 панфиловшы саябағында ұйымдастырылған болатын. 

Буккроссинг (ағылшын тілінен аударғанда «кітаптың айналыста жүруі») идеясын АҚШ-та интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған. Жарты жылдан кейін оның сайтында еркіндікке жіберілген кітаптың жолын жалғастырған 300 белсенді пайдаланушы тіркелді. Буккроссинг «өзің оқы да - басқаға бер» қағидасына негізделген қарапайым іс-әрекеттен тұрады. Мақсаты - кітап оқуды дәріптеу, кітап оқуға тарту.

Бұған дейін Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасы алдында Саяхаттаушы кітаптар кітапханасы немесе Буккроссинг шарасы ұйымдастырылған. Ол кезде жалпы оқырман назарына 200-ге тарта кітап ұсынылған. 

«Біз алдағы уақытта денсаулық сақтау, білім мекемелері, әуежай, теміржол және автовокзал басшылықтарымен келісіп осы нысандардың аумағында да осындай ашық кітап сөрелерін орнатуды көздеп отырмыз. Мақсатымыз - тұрғындарды кітап оқуға тарту, олардың сауаттылығын арттыру», - дейді ұйымдастырушылар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көше #кітап