$ 494.87  520.65  4.91

«Бір күндік алатын ақшам- 250$»: танымал тележүргізуші Америкада білім алудың ерекшелігін атап өтті

"АВС арнасында жұмыс істеп жүргеніме көп уақыт болмады. Шақырғандарына бір айдан енді ғана асты. Мен бұл жерде толық жұмыс емес парт-таимда жұмыс істеймін. Оқуым себебінен күнделікті жұмыс істей алмаймын. Себебі кішкене қиындау. Мен ойлағаннан да қиын екен" - Талғат Алманов.

Қазіргі уақытта шетелде оқып жатқан қазақстандықтар көп. Олар әлемнің үздік университеттерінде білім алып қана қоймай арасында жұмыс та істейді. Бүгінгі кейіпкеріміз - АҚШ-тағы Нью-Иорк Университетінде оқитын Талғат Алманов. Ол оқу оқып қана қоймай онымен қоса америкалық АВС арнасында жұмыс істейді. 

Кейіпкеріміз бізге оқуы жайлы, жұмысқа қалай орналасқанын және америкалық медианың ерекшеліктері жайлы айтып берді.

- Алматыда туып-өстім. Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін (қазір Нархоз Университеті) есеп және статистика саласында бітірдім. Қазіргі уақытта Болашақ бағдарламасымен Нью-Иорк Университетінің Arthur I carter journalism institute магистратурада оқып жүрмін.

Талғат New York University журналистика мамандығы бойынша жақсы көрсеткіштері бар болғандықтан таңдағанын айтты. Одан әрі жұмысы жайлы сөз қозғағанда ол Америкада көп нәрсені нетуоркинг  білетіндігін атап өтті.

- Америкада көп нәрсені нетуоркинг біледі негізі. Жұмысқа рекомендация арқылы тұрдым яғни продюсерлермен сөйлестім. Олар мені шақырды. Барып интервьюдан өту арқылы осы жұмысқа орналастым. Мен қазіргі уақытта АВС арнасының зерттеулер жүргізумен айналысатын бөлімінде парт-таймда жұмыс істеймін.

#Бір күндік алатын ақшам- $250

Магистр студенті оқу мен жұмысты қатар алып жүргенін тілге тиек етті. Сондай-ақ жұмысында қандай қызмет атқаратынына да тоқталды.

- АВС арнасында жұмыс істеп жүргеніме көп уақыт болмады. Шақырғандарына бір айдан енді ғана асты. Мен бұл жерде толық жұмыс емес парт-таимда жұмыс істеймін. Оқуым себебінен күнделікті жұмыс істей алмаймын. Себебі кішкене қиындау. Мен ойлағаннан да қиын екен. Сондықтан да жұмыс пен оқуды қатар алып жүру қиынға соғып жатыр. Дегенмен де екеуіне де үлгеруге  тырысып жүрмін. Жұмыстағы қызметім негізінен тілге қатысты: ағылшын, қазақ, орыс тілдері. Қазақшадан ағылшыншаға, орысшадан ағылшын тіліне аударамын. Бір күндік алатын ақшам - $250. Бірақ мен парт-таймда жұмыс істегендіктен, күнде бола бермейді. Аптасына бір немесе екі рет істесеңіз, сәйкесінше 250-500 доллардай ала аласыз. $250 - бір күндік жұмысқа қойылған нормасы, - деп айтты.

Әріптесіміз Қазақстандық арнадада жұмыс істеген. Ол екіжақты салыстыра отырып, ерекшеліктері мен кемшіліктеріне де тоқталды.

- Мен Қазақстандық арнада да істедім. Хабар телеарнасында жаңалықтар жүргіздім. Екі елдің арасындағы медиа айырмашылық өте үлкен. Біздегі кемшілікті айтқаннан гөрі осылардың артықшылығын айтайын. Артықшылықтары көп. Алдымен, көзге түсетін артықшылық, ол - ақша. Жұмысыңа жақсы төлейді. Екіншіден, артық тұсы - кадрлар жетіспейді деген проблема жоқ. Бір проектте өте көп адам жұмыс істейді. Әр адам өзінің саласына ғана жауап береді. Біздегідей журналист ананы-мынаны істей береді деген мәселе жоқ. Үшінші артықшылық менің ойымша елдің медиасында еркіндік бар. Цензура біздің елдегідей қатты емес. Шығармашылық еркіндік үлкен рөл атқарады.

- Жалпы журналистиканы Еуропада бастау алды дегенімізбен қазіргі  уақытта Американың журналистері өте күшті. Мүмкін, ең күшті деп айтуға да болатын шығар. Америкалық журналистика мектебі  - ол барлығы мойындаған факт. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен өзге мемлекеттердің де журналистикасы дамымаған деуге де келмейді. Бірақ... Бәрібір Американың аты - Америка. Журналистика дегенде, ол түсінік тіпті күшейе түседі. Америкалық журналистердің арасында Билл Ковоит деген публицист, журналистті ерекше құрметтеймін. Сол кісінің жұмыстары ұнайды.

АҚШ арналарына қазақ тілін білетін әрі журналистикадан хабары бар мамандар қажет

Сөз соңында ол ағылшын мен қазақ тілін жетік меңгерген кез келген адам Америкада жұмысқа орналаса алатындығын атап өтті.

- Бұл жерде менің өзгелерден аса бір білімді болып бара жатқан ештеңем жоқ. Бір артықшылығым - қазақ тілін жетік білетінім. Мұнда жұмысқа орналасуда қазақ тілін білу - ол шынында да жеке өзіме өте үлкен көмек көрсетті. Бәріміз ағылшыншаны, орысшаны меңгеріп алғанбыз. Бірақ қазақ тіліне келгенде көп адамдар кішкене немқұрайлы қарайды. Қазақ тілі маған тіпті шетелдің өзінде өте үлкен септігін тигізді. Қазақ тілі -  керек тіл. Қазіргі кезде. Оны өзіңіз үшін білгіңіз келмесе де шетелдіктер жаңа мемлекетке қызыға бастаған кезде міндетті түрде тіл білетін адамдарды іздейді. Соның арқасында  үлкен-үлкен компанияларға жұмысқа тұра аласыз. АҚШ арналарына қазақ тілін білетін, әрі журналистикадан хабары бар мамандар қажет, оған күмән жоқ. Тек Қазақ тілін меңгеру жеткіліксіз, одан бөлек ағылшын тіліңіздің деңгейі ана тіліңізден еш кем болмауы керек.   Себебі қазақ, орыс тілін білетін, ағылшыншасы жақсы кез келген  адам мұндай жұмысқа тұра алады, - деді ол. 

Дереккөз: Bugin.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары