$ 448.15  483.46  4.86

Депрессиямен күресуге арналған 9 кітап

ТАМАҚТАНУ, ДҰҒА ЕТУ, МАХАББАТ – бұл кітап күтпеген жерден қуаныш тауып, бақыт жоқ жерден бақыт іздеудің қажеті жоқ екені жайында.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

ElordaLite оқырмандарына барлық жамандықтарды ұмыт қылдыратын, бар зейініңмен оқитын кітаптар тізбегін ұсынды.

Братья Стругацкие — Понедельник начинается в субботу

Көптеген жылдар бойы бестселлерге айналған орыс ғылыми фантаст жазушыларының тамаша кітабы. Жас Программист Александр Привалов Орталық Ресейдің жалдамалы көлігімен саяхаттап жүріп, кенеттен таңқаларлық провинциялық қалаға түсіп кетеді, ол жерде ғылым тұрғысынан түсіндіруге келмейтін көптеген таңқаларлық және түсініксіз жайттарға тап болады.

Джон Ирвинг — Правила виноделов

Джон Ирвингтің американдық әдебиет классигінің романы – бұл заманауи жыр дастаны, абсурдтық және мағынасыз әлемде өмір сүретін отбасы туралы, оның мүшелері әрқайсысы өз үйлесімін тауып, мәңгілік пен өтпелі кезеңнің арасындағы тепе-теңдікті орнатуға тырысады.

Джером К. Джером — Трое в лодке, не считая собаки

Ағылшын комедиясының тамаша жазушысы айтқан керемет, тапқыр, өмірді растайтын оқиға. Хикаят Темза бойымен саяхатқа шыққан үш мырзаның сапары жайында, Қызықты жайттар, күлкілі жағдайлар мен қызықты қақтығыстар кезінде кейіпакерлер абройларын сақтап аман-есен өткендері жайында.

Даунхэм Дженни — Пока я жива

Бұл кітаптың он алты жасар кейіпкері енді ғана өмір сүруді бастағанымен, оның көп дүниеге қол жеткізгісі келеді. Сондықтан ол өзінің барлық арман – тілектерін тізімге жазып, соны орындауға кіріседі. Ол өзінің құрдастары сияқты болмады. Себебі ол көп жағдайда олардан бөлек болды. Сонымен қатар ол ойластырған дүниесіне тез арада қол жеткізгісі келді. Бұл – шынайы, батыл және керемет өмірді растайтын роман.

Дуглас Адамс — Автостопом по Галактике

Еркін серуендейтін саяхатшылар тобы қуаныштан, тыныштықтан және пангалактикалық Гризлодер коктейлінен жұлдыздан жұлдызға дейін саяхаттайды - бірақ белгісіз күштер оларға өмірді әр түрлі қасіреттер мен психопаттардан құтқару үшін күніне екі рет әртүрлі жоғары миссияларды жүктейді. Адамс күлімсіреп, Өмірдің мәні, Ғалам және басқа да нәрселер туралы айтады.

Эрленд Лу — Наивно. Супер

 «Наивно.Супер» романы оның отыз жастағы кейіпкер атынан жазылған, «өмір дағдларысын» басынан өткізген, көпке мәлім кітабы, көптген тілге аударылған және барлық жерде үлкен ықылас пен сұранысқа ие болған. Бұл кітап тартымды және бір қалыпты сақталған, бір жағынан қарапайым әрі күлкілі, ақылды әрі әсерлі, нақты жазылған.  

Элизабет Гилберт — Есть, молиться, любить

Элизабет Гилберттің отыз жасында заманауи, сауатты, өршіл әйелде болу керек дүниенің барлығы болды, - күйіуі, қала сыртында үйі, ойдағыдай карьерасы, бірақ ажырасу, депрессия және махаббат сәтсіздіктерінен аман өтіп, ол өзінің бұрынғы ойларының қате болғанын түсінеді.

Ол өзінің өмірін қайтару үшін, Элизабет жауапты қадам жасамақ: Ол өзіне тиесілі дүниенің барлығын сатып, жақсы көргендерінің бәрімен қоштасып, әлемдік саяхатқа шығады. Бір жылға. Жалғыз өзі...

ТАМАҚТАНУ, ДҰҒА ЕТУ, МАХАББАТ – бұл кітап күтпеген жерден қуаныш тауып, бақыт жоқ жерден, бақыт іздеудің қажеті жоқ екені жайында.

Фэнни Флэг — Жареные зеленые помидоры в кафе «Полустанок»

Егер сіз бұл шағын көлемді томды құлағыңызға жақындатсаңыз, онда сіз біреудің күлгенін, жылағанын, сөйлескенін, пойыздың шуылын, жапырақтардың дірілдегенін, шанышқылар мен қасықтардың сылдырын естуіңіз мүмкін. Мұқабадан шыққан дыбыстарды тыңдаңыз, әлемдегі кез-келген жерде махаббат пен қайғы, қорқыныш пен үміт, достық пен өшпенділік араласатын кішкентай американдық қаланың тарихы туралы білесіз. Бұл оқиға соншалықты шынайылықпен айтылатыны сонша, ол көптеген жылдар бойы есте қалады және Фэнни Флаггтың романы ең сүйікті кітаптардың біріне айналады.

Рэй Бредбери — Лекарство от меланхолии

«Барлығы жоғалған кезде, үміт қалады» дейді Рэй Брэдберидің қысқа әңгімелерінің бірінің кейіпкері. Бұл сөздер «Лекарство от меланхолии» атты бүкіл жинақтың эпиграфына айналуы мүмкін, оның беттерінде қайғылы күлкі мен жақсы кереметтер үшін әрдайым орын бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кітап