Менделеевтің периодтық кестесі жаңа 4 химиялық элементпен толықты. 113, 115, 117 және 118 атомдық номерлері бар элементтерді Теоретикалық және қолданбалы химия халықаралық одағы (IUPAC) ресми түрде тіркеуге алды.
115, 117 және 118-ші элементтердің ашылуына Дубна қаласындағы Ядролық зерттеулер бірлескен институтының ресейлік және америкалық ғалымдары, сондай-ақ, Теннеси штатындағы (АҚШ) Окридж ұлттық зертханасы мен Калифорниядағы Ливермор ұлттық зертханасының ғалымдары үлкен үлес қосқан. Енді жаңа элементтерге атау беру сол ғалымдардың еншісінде. Ол үшін IUPAC 5 ай уақыт береді.
Ал, 113-ші элементті жапондық Жаратылыстану ғылымдары институтының мамандары ашып отыр. Сондықтан, бұл элемент Жапония деген атау алды.
Айта кету керек, барлық 4 элемент те жасанды синтездеудің нәтижесінде дүниеге келді. Жалпы, Менделеев кестесіндегі атомдық номері 92-ден аспайтын элементтердің барлығы табиғи жолмен пайда болған. Атомдық номері 93-100 аралығындағы элементтер реактордың көмегімен алынса, 100-ден жоғарылары жасанды синтездеудің нәтижесінде пайда болады.