$ 448.15  483.46  4.86

Шымкент қаласының білім басқармасы мектептерді қаржыландыру туралы мәлімдеді

Жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастырумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, жаңадан енгізілген жекеменшік мектептер үшін әрбір оқушы орнын ынталандыру компонентін көздейді.

Қаржыландыру тәсілі — оқушы санына қарай емес, 1 оқушының нақты шығыстарына байланысты және жиынтық сыныптардың санына байланысты республикалық бюджеттен төленеді. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы міндетін атқарушы Айгүл Текебаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастырумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, жаңадан енгізілген жекеменшік мектептер үшін әрбір оқушы орнын ынталандыру компонентін көздейді. Аталған компонент 8 жыл бойы төленеді және инвесторға оның меншігінде қалатын мектепті салуға жұмсаған шығындарын қайтарады.

Сонымен қатар, ата-аналар төлемін, оның ішінде баланың мектепте болуына жақсартылған жайлы жағдай ұсынғаны үшін төлем алу құқығы қалады. Бұл мемлекеттік тапсырыс аясында оқушы қабылдайтын жекеменшік мектептер өз қызметіне қосымша ақы ала алады дегенді білдіреді.

Аталған қадам жекеменшік мектептер желісінің дамуына серпін бермек. Бұл өз кезегінде мемлекеттік мектептердің жүктемесін азайтып, үш ауысымда оқытатын мектеп санының төмендеуіне әкеледі деп күтілуде.

– Шымкент қаласында 2018 жыл мемлекеттік бағдарламаға 3 жекеменшік мектеп қатысып, 765 оқушыны мемлекеттік тапсырыс аясында оқытса, биыл 11 жекеменшік мектепке 5 454 оқушы орналастырылған. Сондай-ақ, жобалық қуаттылығы 854 және 300 орынға арналған 2 жаңа жекеменшік мектеп тұрғызылып, пайдалануға берілді, — дейді Айгүл Текебаева.

Мектеп тапшылығы мәселесін жекеменшік білім ұяларының желісін кеңейту арқылы ішінара шешуге болады. Алайда жекеменшік мектептер «қолжетімді» болуы шарт. Осы бағытта жан басына шаққандағы қаржыландыру принціпінің қосатын үлесі басым болмақ. Бұл бағыттағы нәтижелер қабылданған шешімнің дұрыстығын, тиімділігін дәлелдейді. Мұның барлығы – уақыт еншісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары