$ 494.87  520.65  4.91

446 бітіруші маманның 90%-ы жұмыспен қамтылған

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Балмаржан Нарбекованың айтуынша, Шымкентте техникалық кәсіптік сала бойынша 11 мемлекеттік, 19 жекеменшік арнаулы орта білім беру ұйымы бар.

Шымкенттегі Жол-көлік колледжінде республикалық семинар-практикум өтті. Маңызды жиында еліміздің 14 өңірінен келген техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары бас қосты, деп хабарлайды Sn.kz.

Қатысушылар жаңа технологиялық бағыттар бойынша біліктілігін шыңдады. Ағылшын тілін білу, өндірістік тәжірибеден өту жайы сөз болды.

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Балмаржан Нарбекованың айтуынша, Шымкентте техникалық кәсіптік сала бойынша 11 мемлекеттік, 19 жекеменшік арнаулы орта білім беру ұйымы бар. Онда 26 684 студент 10 кәсіптік және техникалық сала, 75 мамандық бойынша білім алады. Биыл 446 бітіруші жас маманның 90 пайызы жұмыспен қамтылған.

Ал «Кәсіпкер» холдингі ККАҚ оқу-тренинг орталығының директоры Нұрдәулет Жанайдаров елімізде 400-ден астам колледждің дуальды оқыту жүйесіне енгізілгенін атап өтті. Республикалық семинар-практикум пленарлық отырыс және практикалық сессия бағытында өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#семинар