$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Қыздар университетінің мерейтойы тойланды

Жиында университеттің білім, ғылым, өнер және спорт саласы бойынша дамуына сіңірген зор еңбегі үшін бір топ оқытушылар Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласының әкімінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

Алматыда Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  75 жылдық мерейтойы атап өтілді, деп хабарлайды Sn.kz.

Мерейтойлық жиынға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, университеттің танымал түлектері, шетелдік және отандық жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен танымал мәдениет қайраткерлері қатысты. Қысқы ертегі желісімен ұйымдастырылған шара 75 жұптың орындауындағы ырғақты вальспен ашылды.

Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова жиналғандарды мерейтоймен құттықтап, игілікті іске қолдау көрсеткен абзал жандарға ризашылығын жеткізді. Жиында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің құттықтау хаты оқылды. Мерейтойлық рәсімнің екінші бөлімі «75 жыл: даналық пен даралық жолы» атты деректі фильммен ашылды. Кино туындыда Қыздар университетінің өткені мен бүгіні кеңінен көрініс тапқан.

Жиында университеттің білім, ғылым, өнер және спорт саласы бойынша дамуына сіңірген зор еңбегі үшін бір топ оқытушылар Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласының әкімінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталды. Ал Қазақстанның салалық білім және ғылым кәсіподағы ұйымы профессор-оқытушылар құрамына шипажайлық-сауықтыру жолдамаларын табыстады.

Сонымен қатар, жиында бір топ ұстазға «Еңбек ардагері» медалі және «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды. Шара барысында университет түлектері, танымал өнер майталмандары Тамара Асар, Маржан Арапбаева мен Ұлжан Айнақұловаға университеттің «Құрметті профессор» атағы берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мерейтой