$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда ХІ Еуразиялық пән олимпиадасы өтті

Ағымдағы жылы олимпиаданың қорытынды кезеңіне Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан 168 оқушы, 56 команда қатысты.

Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы Алматыда информатика пәнінен оқушылардың ХІ Еуразиялық олимпиадасын өткізді, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылған.

Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің базасында информатика пәнінен оқушылардың ХІ Еуразиялық олимпиадасын өткізді.

Аталмыш олимпиада Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетімен бірлесе отырып, есептеу ғылымдары мен ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру және оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде өтті.

Жыл сайын Олимпиада екі турда өткізіледі: іріктеу және қорытынды. Оған құрамында 3 оқушы мен 1 жетекшіден тұратын командалар қатысуда.

Ағымдағы жылы олимпиаданың қорытынды кезеңіне Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан 168 оқушы, 56 команда қатысты. Ал 11 жыл ішінде Еуразиялық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 489 команда – 1467 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қазылар алқасы құрамында СҰАТ МОЗУ, ҚБТУ және ХАТУ өкілдері болды.

Өткен жылдардың жеңімпаздары әлемнің беделді жоғары оқу орындары мен ірі компанияларында оқиды және жұмыс істейді. Біз оларды мақтан тұтамыз: Алдан Али-Амир – информатика пәні бойынша Халықаралық Олимпиаданың күміс жүлдегері (IOI), Массачусетс технологиялық институтының түлегі (MIT); Хамитбеков Мади – информатика пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың жүлдегері (IOI), Ульсанның Ұлттық Ғылым және техника университетінің түлегі (UNIST); Дюсеналиев Нуржан мен Айтбаев Мадияр - республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, Қазақстан – Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) түлектері, қазір Google-да жұмыс істейді, Ким Вячеслав-mit студенті; Токановарман, Пенсильвания Университетінің түлегі (UniversityofPennsylvania); Данияр Маминов и Омырзак Мейрамбек, UNIST студенттері және көптеген басқалар.

Олимпиада қорытындысы бойынша халықаралық қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі дипломдармен 7 команда, ІІ дәрежелі дипломдармен 11 команда, ІІІ дәрежелі дипломдармен 18 команда марапатталды. Сонымен қатар, І дәрежелі дипломдармен марапатталған 7 командаға Астана IT университеті мен Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде білім беру грантын оқуға сертификаттар берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#пән