$ 444.14  477.05  4.85

«Рухани жаңғыру»: Университтер арасындағы байланыс – білімді кемелдендіреді

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде Халықаралық Өзбекстан Ислам академиясы делегациясымен кездесу өтті.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алматылық университет Өзбекстан Ислам академиясымен байланыс орнатты, - деп хабарлайды «Sn.kz» сайты.

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде Халықаралық Өзбекстан Ислам академиясы делегациясымен кездесу өтті. Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, университеттер арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Бұл жайлы ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди мен университеттің оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Жалғас Сандыбаев Өзбекстанға арнайы сапар барысында нақтыланды.

Тарихы 1997 жылдан басталатын әріптес университет өткен жылы Халықаралық Өзбекстан академиясы деп атын өзгерткен болатын.

Ресми қабылдау мен екі университет өкілдерінің өзара танысу шарасынан кейін білім беру жүйесіндегі серіктестікті одан әрі дамыту жайы талқыланды.

Атап айтқанда бакалавриат, магистратура, докторантура бөлімдерінде шәкірт алмасу мәселесі кеңінен қозғалды.

Сондай-ақ ұстаз алмасу мүмкіндіктері, Өзбекстандағы мол қолжазба қорларымен жұмыс істеу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ресми қабылдаудан кейін ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди академия студенттеріне исламның ғылымдағы рөлі және оның қазіргі әлемдегі рөлі туралы дәріс оқыды.

Өзбекстан астанасынан кейін Нұр-Мүбарак университетінің делегациясы Самарқандағы әл-Бұхари орталығына, Хадис орта мектебіне, Бұхарадағы «Мир Араб» орта мектебіне барды.

Сондай-ақ Ташкент, Самарқан, Бұхарадағы қасиетті жерлерге зиярат жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары