$ 494.87  520.65  4.91

«Әлемде әдебиет өліп жатыр»: журналист қазақ тілінің мәртебесіне алаңдаулы

Тағы бір жанға батар жайы, қазақ ұлтының бағасы жоқ. Жетпіс жыл ұркөкпе, жылтыршыл, жалған мақтаумен азаматын ойдан, қазанатын қойдан шығармаған саясат дегенін істеді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Енді ешкім кітап оқымайды. Кітаптан қайыр жоқ. Абай адақталмайды. Мағжан мадақталмайды. «Абай жолы» жан жұбайы емес. Әлемде әдебиет өліп жатыр. Ал оның ішінде қазақ әдебиеті секілді қазығы бос, қазаққа қажетсіз әлсіз әдебиет сүргіннен сүре жолға жете алмайды. Себебі ... Себебі қазақ әдебиетінің сом сүйегі, негізгі нәрі қазақ тілінің қадірі жоқ. Сұраныс жоқ. Қазақ тілі дастархан басы ошақ қасындағы тілге айналған алғашқы кезеңдердегі «Караван», «Республика», «Свобода слова» секілді газеттер сөзімізге дәлел.
Бүгінгі саяси элитаның бәрі орыс тілді жандар. Оның ішінде Қ.Ж.Тоқаев, Қ.Ертісбаев, Т.Құлыбаевтар бар. Г.Ерғалиева, М. Әблязовтар да осылармен бірге. Бұлар бесінші дөңгелек, бесінші колонна, тек артынан санағанда.

Биік мінбелерде сана солқылдатар сөздер атой салмайды. Ағылшын тіліндегі бір ауыз сөзі Америкада айтылған бір түйін- У.Черчилльдің жүрек жарды пікірі «қырғи қабақ соғысқа» алып келді.

Бір «оқы, оқы, оқы» деген сөз қанша балаға нәр береді.

«Артымызда Москва» деген сөз соңғы патронмен бірге атылды.

«Түріктің досы-түрік » деген сөз түрікті баққа, Кемальді «таққа» жеткізді.

Руссоның «Арылуы» Бурбондардың басын жұлып, Террорда «халық дос» Ж.П. Маратт өз газетасы арқылы күшейтті. Сондықтан да Н.Буанопорте «өкіметтік емес газетаның»бәрін жаптырды.

Мәскеуде шыққан бір мақала біздікі секілді есін әрен жинаған елдің табанын шаң, маңдайын қан жасай алады. Ағылшын тілді, француз тілді, испан тілді соңғы кезде кітап тілді ақпарат көздері үшін-бүгін түске кірмес теңгелер қамбалап құйылуда. Ал ешкім оқымайтын, ауылдан ұзап шықпаған, әрі кетсе атасын, бері кетсе батасын айтар қазақ тілді журнал, газет, сайттар кімге керек.

Уысынан нұр, туысынан кір іздеген, тынысы тынған, шынысы сынған көңілдер, сорақ сөздер қай қазақты ұшпаққа шығармақ. Қай өзбек, қай шешен, қай әзірбайжан өзара орысша сөйлейді. «Қазақ пен қазақ қазақшш сөйлесін» деген сөз - Біздің сорақылығымыздың супер, надандығымыздың нар үлгісі.
Тауықты тауықша шақыр, итке кісінеме деген сөздей. Ит мысықтан қанша қорықса да, тышқан мысықтан қанша шошыса да мысық мияулайды, тышқан шиқылдайды.

Кінә кімде? Жиреншелесек: «сұраған мен ақымақ па, сұратқан хан ақымақ па?».  Демек бірінші түйін, қазақ әдебиеті енді дамымайды. Себебі қазақ тілінің құны жоқ.

Тілді құдай береді. Халық жасайды. Ақын-жазушы көркемдейді, әрлейді, жөндейді. Халықтың айтқаны фольклорға кетсе, жекенің ісі жетекке жүрмейді. Біз кешегі кеңестік күнімізден бүгінге көше салдық.

Д.Исабековтың «Бонапарттың үйленуінде» ел жағдайы осы туралы айтады. Кешегі алаш ерлерін, кеңес керлерін өлтірген қалам иелері өз жұрты алдында кешірім сұраған жоқ.

Бір халық екінші халықтан кешірім сұрамайды. Баскілер Ролланд үшін испандардан кешірім сұрамайды, аборигендер Гук үшін, қырғыздар Кенесары үшін, қытайлар Садыр палуан үшін, ұйғырлардан, америкалықтар жапондардан кешірім сұрамайды. Әрине бірлі -екілі қайраткерлер болар, бірақ бұл халық емес. Ал сол елдің ұлдары туған жұрттан кешірім сұрауға бата алмады. (Бұл туралы «Бодан әдебиетте» айттық).

Жебірей жұртында «жылау, жоқтау қабырғасы » деген жер бар. Олар сол жерде жебірей ұлтын сатқан жандар үшін кешірім сұрап егіледі. Қазақты сатқандарды  «шіріген жұмыртқа» деп жек көрмеу керек. Оларды түсіну керек. Кейінге түсіндіру керек. Орыс тілді қазақтар жақсы өмір сүргісі келеді. Жақсы өмірлеріне қазақ тілінің қатысы жоқ.Осы жолда қандастарын Абыл мен Қабылдай таптап, өлтіруде. Олар тірі.  Аман. Бірге жүр, тек қазақша емес, басқаша жат күн кешеді. Фарс. Нонсенс. Сондықтан да қазақ жазушыларымыз елден бөлек. Біреулері одақты тастап кетіп жатыр. Ал біреулерінің жиында сөйлеу, алдыңғы қатарда отыру секілді тарақан тірлік, мәнсіз мәселемен басы қатуда. Ұлыс ұмыт, ел есте жоқ. Әдебиет майданында біз жоқпыз. Келісті кеңес уақытында Иса, Қасым, Бердібек, Мұқағалилар «тар аяға» сия алмады...

Бұрынғы өткен ақындардай «ақаңдатып» жүргендер қойды. Шетелге кетіп қалған үлкен жазушымыз таңсық емес, «дисиденттік» орыстардан Бунин, Солженицин, Бродскийден қалған. Месима секілді «харакири» жасасаңда жаңалығы жоқ. Сәулетші Вон Гогтей құлақ беру де ел білер іс. Сал- серілерден басқа ешкімді енгізе алмадық. Қазақ жазушысы сөзімен де ісімен де ақпарат тасқынындағы тобырдан бөлініп тұлға бола алмады. Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ қаламгері оймен, сөзбен, көркем шығармамен тіпті бұрынғы кеңестес елдер ішінен бой оздырып шыға алмады. Фэнтези, бестиллер, детектив секілді тақырып ішінде тың тұяқ ешкім танымады. Ежелден таныс лирика, трагедия, драма ішінде бәйге алмады. Біздің атымыздан бір кейіпкер шығып мына әлемге сөйлей алмады. Бос жерге борат келіп,боратты. Бұрынғыдай «мұсылман мен кәуірдің арасын бұзып дінді аша алмадық»

Дінде дірілдек, саясатта «шырылдап» болып шықтық.

Түрікті қорғап ешкім СӨЗ айта алмады! Жазушылар одағының басшысы тек депутат қана емес, министрлер кабинетінің мүшесі болуға тиісті. Қазақ жазушысы қазақтың ғана мұнын айтады. Басқа ешкім бұған бармақ емес. Егер «Алаш орыстары» төңкерістің тетігін біліп Керенский, Ленин, Сталиндермен «иық теңестіріп» ұлт азаттығының концепциясын ұсына алмады. Тіпті түбірлі, қақыра қазына пікір шықпады. Дін тақырыбы жазушысы С.А.Нилус (1862 - 1929) «Близ есть, при дверех: О том, чему не желают верить и что так близко», Сергиев Посад. 1917 жылғы еңбегінде жеке шығарған. 1905 жылы «Великое о малом» кітабында, 1905 жылғы кітабында «Сион данышпандарының жинағын» жариялады. Өз кезегінде дәл осы «қаулы» 1917 жылғы жебірей төңкерісіне алып келді. «Жебірей жұрты» жағдайы жайлы «Қазақ» газетасы да мәселе көтерген болатын. |1906 жылы қаулымен танысқан II Николай «еңбек» шетіне «Не может быть сомнений в их подленности », « глубина мысли», «какая предусмотрительность», секілді «ескертпелер» жазған еді. Қарсы реакция көп күттірмеді. Жебірей Парвус арқылы «орыстың соңғы солдаты қалғанша, немістің соңғы ақшасы қалғанша» ұлы сауда басталып кетті. Ақшасынан, байлығынан айырлған неміс жұрты «Версаль»келісімі себебінен өкпелі жұртқа айналып, қолына қайта қару алды. Әлемде болмаған «екінші әлемдік соғыс» адамзат баласын, атом бомбасымен, «етігімен қан кешіріп» тоқтатты. Бұның соңы Семейдегі сынаққа ұласты. Бірақ осы сұмдықтар, ірі өзгерістер орыс жазушысы С.А.Нилустан басталғанын орыстардың өзі ұмытты. Қалам қайда апарары оқығанды көрінеді.

Тағы бір жанға батар жайы, қазақ ұлтының бағасы жоқ. Жетпіс жыл ұркөкпе, жылтыршыл, жалған мақтаумен азаматын ойдан, қазанатын қойдан шығармаған саясат дегенін істеді. Басқа ұлттың бәрі бізге келгенде «қолдарында дін кітаптары, бізде жер бар еді».  Енді бізде мың кітап, оларда жер қалды. Қазақ қолында зауыт, өскен өндіріс, кемел кен жоқ. Есесіне дүние жүзінің барлық діни ағымы, бар ұлты, бар тілі бізде.
Бетке шыққан бар қаймақтарды «салафит», «құранит», «вахаббит», «сопы», «тәңіршіл , «шала қазақ», «ұлы жүз», «орта жүз», «кіші жүз», «оралман», «төре», «қожа» т.б. аттар, есімдер таңбаланып салынды. Басқа ұлт, диаспара бауыры бүтін, жамаусыз, құраусыз, бүтін. Тіпті өткен отызыншы жылдары, қазақтың қариясы, ардагер ақсақалы Ж.Жабаевты әдебиетке араластырылып, буыны қатпаған балғын жүйенің батагөйіне айналдырылды. Ол ежелгі Гректің социализмге жеткен аэды, рапсоды жолын жалғаушы бейнесінде көрінді. (Соколов Ю.М Руский фольклор.М. 1941. 539-540 беттер)

Бұл сол кезде екінші бағалы, төмен тұрды деген елге қанша мән бергенін көрсетеді. Ал өз құны жоқ ұлттың әдебиеті шығанға шықпақ емес. Ағылшынның «Робин Гудын», «Өрмекші адамын», Мексиканың «Зорросын» білер жұрт, қазақтың, эвенкидің, буряттың,халханың, шордың, чукчаның, боригеннің, пигмейдің, сары ұйғырдың бір кейіпкерін атап бере алмайды. Өйткені, кейінгі аталғандар сыбағасыз қалған мұхитқа желкенсіз шыққандар. Шындық осы.Ақиқат осы. Демек үшінші түйін құнсыз жұрттың әдебиетінің қадірі болмайды.
Әзірге бары осы... «Сөзімді тоқтатайын» алымды пікір, нанымды пікір болса келісуге әзірмін ..

Серік Елікбай

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары