ҚР БҒМ «Ғылым қоры» бақармасының бұрынғы төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин жемқорлық әрекеті үшін сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұдан бұрын жемқорлыққа барды деген күдікпен ҚР БҒМ «Ғылым қоры» бақармасының бұрынғы төрағасы Ә. Сұлтанғазинге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізген еді» делінген ведомство хабарламасында.
Ер адам Қарағанды мемлекеттік университеті ректорынан ҚР Білім және ғылым министрлігінің жеке қабылдауын ұйымдастырып бергені үшін 5 мың доллар пара алды деп айыпталған еді.
18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық №2 cотының үкімімен Сұлтанғазин айыпты деп танылып, оған 57 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Енді ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.