19.12.2019, 14:45

Лицензиясынан айрылған 5 ЖОО тағдыры: Асхат Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Фото: pixabay.com
Оның сөзінше, бірқатар ЖОО мәселені өздігінен шешуге тырысып жатыр.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов лицензиялары тоқтатылған 5 оқу орнының болашағы жайында айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Сіздер білетіндей, біз бес ЖОО лицензиясын тоқтатқан едік. Бүгін бір оқу орнын лицензиясынан айыру үшін құжаттарды сотқа жіберетініміз жайлы ақпарат береміз. Толықтай лицензияларынан айыру мақсатында тағы бірнеше оқу орындарының құжаттары әзірленген. Тоқтату – уақытша шара. Заң бойынша, біз тексеру кезінде қандай да бір олқылықтарды анықтаған болсақ, жұмыстарын тоқтатуымыз керек. Қызметтерін тоқтатқан университеттер біз анықтаған олқылықтарды түземесе, сот арқылы университетті мүлде жауып тастауға шешім қабылдаймыз», - деді Асхат Аймағамбетов, Үкіметте болған баспасөз мәслихатында.  

Оның сөзінше, бірқатар ЖОО мәселені өздігінен шешуге тырысып жатыр. 

«Сонымен, біз бір университетті жабу үшін сотқа жүгіндік. Бірнеше оқу орны бізбен байланысып, біріккісі келетіні туралы хабарлады. Біз де бұл мәселені қарастырдық. Бірнеше нұсқасын қараймыз. ЖОО өз бетінше және еркін турде бірігуі керек.

«Мұның мультипликативтік әсері бар: кей жерлерде кадр тапшы, өзгелерінде спорт залдары жоқ, енді бірінде жатақхана мәселесі шешілмеген, тағысын тағылар. Олар бірігетін болса, нақты тиімділігін көретін боламыз», - деп атап өтті министр.

Тегтер: лицензия ЖОО