Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың твиттердегі жазбасынан кейін Қызылорда облысында жаңа мектеп салуға уәде берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«2017 жылы 300 орындық жаңа мектеп құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге Т16,1 млн бөлінді. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Облыстық әкімдік Білім және ғылым министрлігіне республикалық бюджеттен 300 орындық жаңа мектеп салуға өтінім беріп, ол өтінім қабылданды.
2020 жылы 300 орындық мектеп құрылысы үшін Арал ауданының Сексеуіл ауылына мүмкіндігінше облыстық бюджетті нақтылау барысында қаржы бөлінетін болады», - деп хабарлады Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, басқармада атап өткендей, балалар қауіпсіздігін сақтау үшін мектеп әкімшілігінен кезекшілік ұйымдастырылған.
Еске сала кетсек, 11 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-ге Egemen Qazaqstan газетіндегі «Темір жолды жағалап топ бала жүр» атты мақалада Сексеуіл ауылдық округіндегі 360 бала туралы айтылғанын жазған болатын. Олар күн сайын мектепке бару үшін 13 теміржол жолдарын кесіп өтулеріне тура укеледі екен.
«Бұл – өзекті мәселе. Оны шешу үшін үкімет нақты шара қабылдауы керек», - деп атап өткен еді сол кезде президент.