$ 514.65  544.6  5.17

Ғалымдар ағзаның ракқа қарсы тұра алатын қасиетін ашты

Зерттеушілердің пайымдауынша, CD40 антиденелері Т-лимфоциттерін синтездей алады екен.

Швейцарияның Базель университетінің ғалымдары ағзадағы иммундық жүйені қатерлі ісік ауруымен күресуді үйретуге болатындығын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жануарларға жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде мамандар денедегі белгілі бір антиденелердің жұмысын екінші антиденелердің көмегі арқылы күшейтуге болатынын ашқан көрінеді. Дегенмен зерттеуге қатысқан жануарлардың тек 20 пайызында ғана ілгерінді құбылыстар байқалған. 

Зерттеушілердің пайымдауынша, CD40 антиденелері Т-лимфоциттерін синтездей алады екен. Өз кезегінде бұл лимфоциттер ағзадағы обыр дертінің жасушаларына төтеп береді. Т-лимфоциттері немесе Т-киллерлердің жұмысын басқа антиденелермен күшейту арқылы олардың қатерлі ісік жасушаларына ішіне оңай енуіне жол ашылатын көрінеді. Бұл тәжірибенің нәтижесінде жануарлардың денесіндегі ішек қуысы, сүт безі және терінің ракқа шалдыққан жасушаларын азайтуға мүмкіндік табылыпты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары