$ 494.87  520.65  4.91

Немістер «Ин Ша Аллаһ» сөзін сөздіктеріне енгізді (ФОТО)

Қандай да бір іске бел буғаныңда, «Мен оны ертең (міндетті түрде) істеймін», – деп айтушы болма. Тек «ин ша Аллаһ (Алла қаласа) істеймін», – деп айт. Олай айтуды ұмытып кеткеніңде, (есіңе түсе салысымен) бірден Раббыңды есіңе ал әрі: «Раббым маған туралыққа ең жақын болған істі аз ғана уақыт ішінде істеуді нәсіп етер деп үміт етемін», – де (Құран Кәрім, 18/23-24).

Германияның ең көп басылымен шыққан әрі немістер үшін аса маңызды һәм мәшһүр «Duden» түсіндірмелі сөздігіне мұсылмандардың аузынан түспейтін «Ин ша Аллаһ» сөзі енгізілді. Әзірге онлайн нұсқасына енгізілген. Кітапқа да енгізіле ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Сөздікте «Ин ша Аллаһ» сөзінің «Аллаһ қаласа» деген мағына беретіні әрі түбі араб тілінен келген, мұсылмандардың өзара жиі қолданатын сөзі екені жазылған.

"Ин ша Аллаһ" жайлы Құранда не айтылған?
وَلَا تَقُولَنَّ لِشَيْءٍ إِنِّي فَاعِلٌ ذَٰلِكَ غَدًا ﴿٢٣﴾ إِلَّا أَن يَشَاءَ اللَّهُ ۚ وَاذْكُر رَّبَّكَ إِذَا نَسِيتَ وَقُلْ عَسَىٰ أَن يَهْدِيَنِ رَبِّي لِأَقْرَبَ مِنْ هَـٰذَا رَشَدًا ﴿٢٤﴾

Қандай да бір іске бел буғаныңда, «Мен оны ертең (міндетті түрде) істеймін», – деп айтушы болма. Тек «ин ша Аллаһ (Алла қаласа) істеймін», – деп айт. Олай айтуды ұмытып кеткеніңде, (есіңе түсе салысымен) бірден Раббыңды есіңе ал әрі: «Раббым маған туралыққа ең жақын болған істі аз ғана уақыт ішінде істеуді нәсіп етер деп үміт етемін», – де (Құран Кәрім, 18/23-24).

Салтан Сайранұлының Facebook-парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары