$ 494.87  520.65  4.91

Дәретхана жыры: Асхат Аймағамбетов 2352 мектептікі әлі далада тұрғанын мәлімдеді

Сондай-ақ, білім саласында үнемі кадр тапшылығы болатыны үрдіске айналғандай.
фото: radar24.info
фото: radar24.info

Қазақстанда 1220 мектеп пен 1628 балабақшада бейнебақылау жүйесі орнатылмаған. 2352 мектептің дәретханасы далада орналасқан. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

Министрдің айтуынша, дәретханасы жоқ мектептердің 2205- ауылда орналасқан. Ал дәретханасы далада тұрған 147 мектеп – қалалық білім ордасы.

Сондай-ақ, білім саласында үнемі кадр тапшылығы болатыны үрдіске айналғандай. Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептерде мұғалімдердің жетпей жатқанын да атап өтті.

«464 мектепте директор жоқ. 199 мектепте байқау үрдісі жүріп жатыр. 265 мектепте байқау жариялау керек. 5267 пән мұғаліміне тапшылық туындап отыр. Орыс тілі пәнінен 936 мұғалім керек. 754 мұғалім бастауыш сыныптарға қажет», – деді Білім және ғылым министрі.

Бұдан бөлек, 3-6 жастағы балаларды біліммен қамту саласында Алматы қаласы көш соңында келе жатқан көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары