$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда 85 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

«Бұл мәселені «75 мың орындық жатақханалар салынсын» деп тікелей елбасы тапсырғандықтан, біз осының орындалуын талап етуіміз қажет».
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Еліміздегі жоғарғы оқу орындары мен колледждерде 85 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж, деп хабарлайды Хабар24.

Еске сала кетсек, елбасы бес әлеуметтік бастамасында 2022 жылға дейін студенттерге арнап 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырған болатын. Екі жылдан бері соның тек 9200-ге жуық орны пайдалануға берілді. Ал осы уақытқа дейін тапсырылуы тиіс 2 мың 190 орынды қамтитын нысандардың құрылысы әлі аяқталған жоқ. Бұл – өте төмен көрсеткіш.

Сондықтан аталған мәселені «Nur Otan» партиясы өз қадағалауында ұстап, бақылауды күшейте түспек. Бұл жайында Мәжіліс депутаттары мен Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Оған жоғарғы оқу орындары мен инвесторлар арасындағы келісімшарттың ұзаққа созылуы, жердің дер кезінде бөлінбеуі, жобалық сметалық құжаттың ұзақ әзірленуі сияқты жайттар кедергі келтірген.

«Біз әлі күнге дейін студент болса, оның жағдайы болмау керек, жатын орны дұрыс болмауы қажет деген стреотиптен арылған жоқпыз. Негізі олай емес, қазір жағдай өзгерді. Студенттерге барлық жағдайды жасауымыз қажет. 

Біздің айтарымыз, бұл мәселені «75 мың орындық жатақханалар салынсын» деп тікелей елбасы тапсырғандықтан, біз осының орындалуын талап етуіміз қажет», - дейді Zhas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсембаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары