Ертеңнен бастап Алматы қаласы аумағында карантин енгізілуіне байланысты балабақшалар да толықтай жұмысын тоқтатады, деп жазады Азаттық рухы.
Бүгінде қалада мектепке дейінгі білім беру мекемесіне баратын 19 мың бүлдіршін бар. Олар ертеңнен бастап балабақшаға баруын доғарады. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Айтқұлова айтты.
«Балабақшада тәрбиеленушілермен бірге тәрбиешілер мен күтушілер де жұмысқа бармауы керек. Мекеменің бірінші басшысы мен күзетші ғана қалады», - деді басқарма өкілі.
Ал мектеп оқушылары Қазақстанда аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында ұзақмерзімді демалыста болады. Колледж студенттері 16 наурыздан бері қашықтан білім алуға көшті.