$ 494.87  520.65  4.91

Білім басқармасы интернеті мен компьютері жоқ студенттердің қашықтан қалай оқитынын түсіндірді

Г.Айтқұлованың айтуынша, педагогтар білім беруді үйлерінен жүргізіп отыр.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова интернеті мен компьютері жоқ студенттер қашықтан қалай оқитынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде 8 колледждің 108 студентінде смартфон жоқ. Студенттер қашықтан оқуға жіберілер кезде оқытушылар оларға арнайы материалдар таратқан. Олар «Қазпошта» арқылы және басқа да жолдармен ұстаздармен байланыста отыр», - деді ол.

Г.Айтқұлованың айтуынша, педагогтар білім беруді үйлерінен жүргізіп отыр.

«Менің ойымша, барлық оқытушыда ноутбук пен смартфон бар. Қазір білім басқармасы оқытушылардың қолындағы техника санын бақылауға алды», - деді басқарма басшысының орынбасары.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин