Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерден қашықтықтан оқыту кезінде фото және видео есеп талап етпеуді тапсырды. Ол туралы ведомство басшысы қашықтықтан оқытуға дайындыққа арналған селекторлық жиында айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мектеп директорлары мұғалімдерден скрин, видео және есеп талап етеді. Ешқандай есеп болмауы тиіс! Мен ескертемін. Ондай жағдайда қызметті босатасыздар", – деді Аймағамбетов.