Білім & Ғылым 09.04.2020 сағат 21:30

Қазақ тарихшысын Гарвард университеті жұмысқа шақырып жатыр

Қазақтың тарихи жерлерінің сырларын Еуропаның, Жапонияның ежелгі карталары арқылы ашып жүрген ғалым эпидемия басылса, осы тамыздан бастап Гарвард университетіне жол тартанынын айтты.
Қазақ тарихшысын Гарвард университеті жұмысқа шақырып жатыр
фото: zhaikpress.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Германияның Гумбольдт ғылыми зерттеу стипендиясының иегері, картограф, тарихшы Нұрлан Кенжеахмет – шығыс және батыс тарихи мұрағаттарын, ежелгі карталардың сырын ашып, зерттеп жүрген қазақ ғалымы. Ғалым өзінің соңғы қуантарлық жаңалықтарын qamshy.kz тілшісіне бөліскен.

Жақында Франкфурт кітап көрмесінде немістер Еуропадағы сегіз жылдық еңбегінің нәтижесі ретінде кітабын шығарып беріп жатқан қазақ ғалымын енді Гарвард университеті жұмысқа шақырып жатыр екен.

Қазақтың тарихи жерлерінің сырларын Еуропаның, Жапонияның ежелгі карталары арқылы ашып жүрген ғалым эпидемия басылса, осы тамыздан бастап Гарвард университетіне жол тартанынын айтты.

Германиядағы қазақ ғалымының қазақ мемлекеттігінің тарихы туралы «Тоқмақ (Алтын Орда), Қазақ хандығы,Шайбани,Рум,Моғолстан 14-16 ғасыр: түпнұсқа мұрағаттардан» (The Tūqmāq (Golden Horde), the Qazaq Khanate, the Shībānid Dynasty, Rūm (Ottoman Empire), and Moghūlistan in the XIV-XVI Centuries: from Original Sources) атты кітабы жақында баспадан шыққан.

Бұл – Қазақстанда Жошы Ұлысы мен мұрагерлері және сол кезеңдегі көршілес елдер тарихы туралы тың деректерді ашып, ағылшын тілінде шыққан алғашқы ғылыми монография.

Германияда жылдар бойы Қазақ тарихын зерттеумен айналысып жүрген білікті ғалым Нұрлан Кенжеахметтің Шығыс және Батыс тарихи деректерін пайдалана отырып жазылған бұл еңбегі тарихымыздағы ақтаңдақтардың орнын толтыратын болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар