$ 494.87  520.65  4.91

Сырдың балалары Абай шығармаларын үзбей оқиды (ВИДЕО)

Қазіргі таңда қашықтан оқу жүйесі бойынша білім алып жатқан Қызылорда облысының әрбір аймағындағы мектеп оқушылары сабақпен қатар Абай шығармаларын оқудан жарысуда.

Бүгінде Сыр өңірінде әлеуметтік желілер арқылы Абай өлеңдерін, қара сөздерін оқу челлендждері жалғасып жатыр. Хакім Абайдың шығармаларын жатқа оқудан Сыр балалары да белсенділік танытып келеді. Олардың арасында балабақша бүлдіршіндері де бар. Мәселен, қызылордалық 5 жасар Адина Сердалықызы Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерін мәнерлеп оқып жүр. Абай туындыларына жастайынан қызығушылық танытқан өрен алдағы уақытта ұлы Абайдың көптеген туындысын жаттап алуды мақсат етіп отыр.

Ал Қызылордағы №11 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Оразбек Кенжетай болса Абайдың қара сөздерін жатқа оқып, көпшілікке әлеуметтік желі арқылы жолдауда.

«Абай атамыздың қара сөздері, жалпы кез келген шығармасы адамға ой салады. Мен Абай шығармаларының мән-мағынасын тереңірек түсінбеуім мүмкін. Алайда, жастайымнан оның туындыларын жаттап өссем, есейген шақта жадымда сақталатынына сенемін. Уақыт өте келе атамыздың шығармаларына деген қызығушылығым одан әрі арта түседі деп ойлаймын. Өйткені, Абай Құнанбайұлының мұрасы – баға жетпес байлық деп білемін», - дейді Оразбек Кенжетай.

Қазіргі таңда қашықтан оқу жүйесі бойынша білім алып жатқан Қызылорда облысының әрбір аймағындағы мектеп оқушылары сабақпен қатар Абай шығармаларын оқудан жарысуда. Бас ақынның 175 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан челлендждер мен эстафеталарды ұйымдастыруда ұстаздар қауымының да ерекше еңбегі бар екенін айта кету керек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары