Білім & Ғылым 30.05.2020 сағат 15:10

Ғалымдар күн сәулесінің коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін айтты

Эксперимент барысында зерттеушілер табиғи жарық келтіруші шамдардың астына болат табақшаға вирус үлгілерін орналастырды.
Ғалымдар күн сәулесінің коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін айтты
Фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

АҚШ талдау және биологиялық қорғауға қарсы әрекет ұлттық орталығының ғалымдары күн сәулесі SARS-CoV-2 вирусын жоя алады деп мәлімдеді, бірақ бәрі күн сәулесінің әсер ету ұзақтығына, географиялық ендікке және тәулік уақытына байланысты. Бұл туралы ZMES cience басылымы жазды.

Эксперимент барысында зерттеушілер табиғи жарық келтіруші шамдардың астына болат табақшаға вирус үлгілерін орналастырды.

Солтүстік ендіктің талтүс кезіндегі 40 градус ыстығында 6,8 минуттан кейін вирустың 90% сілекейдегі, ал 14,3 минуттан кейін тіршілік ортасындағы белсенділігін жоғалтатыны анықталды.   

"Жарықтың төмен интенсивтілігі кезінде де қатерсіздендіру (дезактивация) процесі басталады, бірақ баяу жүреді", - дейді зерттеу авторлары.

40 градустық параллельде Испания, Португалия, Италия, Грекия, Түркия, Армения, Әзербайжан, Орта Азия елдері, Қытай, Жапония және АҚШ-тың оңтүстік штаттары орналасқандығы хабарланды. 

Дереккөз: Sputniknews.kz  
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар