$ 494.87  520.65  4.91

Абайдың қара сөздерін әлем оқиды

Қара сөздер туралы мәліметтер айтылғаннан кейін хакім Абайдың төртінші, он тоғызыншы, отыз бірінші қара сөздері оқылды.

Хакім Абайдың туындылары, ой-тұжырымдары әрбір қазақ баласына қашанда рухани азық болары сөзсіз. Әсіресе, Абай мұра етіп қалдырған қара сөздердің орны ерекше. Осы орайда Қызылордадағы Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Абайдың қара сөздері» атты танымдық сағат өтті.

«Абайдың қара сөздері – ақынның баға жетпес философиялық еңбегі. Абай қара сөздерінің соңғы нұсқасы 1905, 1907, 1910 жылдардағы қолжазбалар бойынша жарыққа шықты. Қара сөз деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер деген мағынаны білдіреді. Өлең өнерін қазақ халқы қара сөз демейді. Қара сөз проза деген мағынада айтылған. Әдетте адам баласы ауызекі тілде қара сөзді қолданады. Абайдың көркемдік, әлеуметтік-гуманистік және дінге деген көзқарастары, терең білімі барлық шығармаларынан көрінеді. Абайдың қара сөздері сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абай Құнанбайұлы қара сөздерін 1890-1898 жылдар аралығында жазған. Дана Абай қара сөз жаза бастаған кезінде 45 жаста болған. 45 қара сөздің барлығы бір бағытта жазылмаған. Оның бірнешеуі қысқа жазылса, кейбірі тақырыбы, мазмұны жағынан әр алуан, өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай қара сөздерінің біразы ең алғаш 1918 жылы Семейдегі «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен қара сөздер орыс, қытай, француз және басқа да әлем тілдеріне аударылды», - делінді танымдық бейнематериалда.

Қара сөздер туралы мәліметтер айтылғаннан кейін хакім Абайдың төртінші, он тоғызыншы, отыз бірінші қара сөздері оқылды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында жүргізілген танымдық сағат кітапхананың фейсбук әлеуметтік желісінің парақшасында жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары