$ 443.85  474.3  4.8

«Сағынтаев жазушылардың жағдайы қиын екенін бірден түсінді» – Дулат Исабеков

Жазушының айтуынша, біраз уақыт жазушылар мен Алматының әкімдігі байланыс үзіліп қалған.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылық ақын-жазушыларға 500 000 теңгелік сыйақы тағайындап, жазушылардың мерейін бір көтерген болатын. Осы орайда Skifnews.kz ақпарат порталы жазушы Дулат Исабековтің пікірін сұрап білді.

Жазушының айтуынша, біраз уақыт жазушылар мен Алматының әкімдігі байланыс үзіліп қалған.

«Бақытжан Сағынтаев келген күннен бастап, бірден жазушылармен байланысқа түсті. Бірінші Жазушылар одағында кездесу өткізді. Содан кейін бір емес бірнеше рет кездесулер болды. Ұлттық кітапханада, Мұстай Кәрімнің атына көше бергенде Иманғали Тасмағамбетов екеуі келді. Шайға да шақырды, жеке-жеке де отырып кәдімгі ежелгі дос адамдардай сөйлестік», - дейді жазушы

Дулат Исабековтың айтуынша, қала әкімі жазушылармен етене араласып, жағдайды бірден бақылауға алған.

«Жазушылардың жағдайы сәл қиындау екенін бірден түсінген болуы керек, біраз жазушыға 500 мыңдық сертификат тапсырды. Бұл енді өмірлік азық бола қоймас, бірақ көңіл деген бар.

«Асқаныңа емес, сасқаныңа риза болдым» деген қазақтың сөзі бар, бермесе де біз өкпелемейміз. Өйткені оның бізге берер бюджеті жоқ, бекітілмеген. Бірақ әр нәрседен бір үнемдеп, жазушыларды шақырып алып, бірақ жазушылардың қолына 500 мыңдық сертификат тапсырды. Риза болдық. Арасында әзілдеп те жүрдік, «осыны бір миллионға қашан жеткізесіз?» деген сияқты. Реприкалар да болып жатты, бәріне күліп жауап берді», - дейді Д.Исабеков.

Жазушының айтуынша, еліміздегі қазіргі жағдай ауыр болып отыр. Коронавирус кесірін тигізбегенде әкім мен ақын-жазушылар тағы бірнеше рет кездесіп те үлгеруі мүмкін еді.

«Әкіммен әлі талай кездесерміз, қала жөнінде айтатын ойымыз бар. Өзі де қаланы қолға алып, бәрін жөндеп жатыр. Жұмыс істейтін адам екені бірден көрінді. Бұрын Премьер-министрдің қызметін атқарды. Демек қолында біраз биліктің ережелері бар, жұмысты қалай істеу керек екенін, жұмыстың көзін біледі. Ақшаны қалай есептеуді, кімге қалай көмек беруді біледі. Оған қарамастан жазушылардың кітабын шығаруға да қол ұшын беріп жатыр. Енді коронавирус та өтетін шығар, сол кезде қайтадан жолығармыз, қайтадан кездесерміз. Оған дейін аман болсын, ауру-сырқаудан сау болсын. Бәріміз аман болайық», - деді жазушы Дулат Исабеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары