$ 494.87  520.65  4.91

Чили ғалымдары коронавирусқа қарсы жаңа препарат ойлап тапты

Егер пациентті интерферонмен алдын ала ынталандырса, онда инфекция жұққанда, ағзаға түсетін вирустық жүктеме аз болады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Чили ғалымдары интерферондар негізінде коронавируспен күреске арналған дәрі ойлап тапты, деп хабарлайды Baq.kz, 24 Horas телеарнасына сілтеме жасап.

"Консепсьонда COVID-19-ға қарсы ингалятор арқылы әрекет ететін алғашқы чилилік препараты жасалып жатыр. Оның формуласы интерферондарға негізделген (вирус жұққан кезде одан қорғану үшін ағзаның жасушалары бөлетін ақуыздар), препараттың адамдарға сыналуы үшін рұқсат беру мәселесі қаралып жатыр", - делінген хабарламада.

Дәрілік затты әзірлеуші, Консепсьон университеті физиология кафедрасының басшысы Хорхе Толедо "егер пациентті интерферонмен алдын ала ынталандырса, онда инфекция жұққанда, ағзаға түсетін вирустық жүктеме аз болады", деп түсіндірді.

Ғалымдар әзірлеген препарат дәрі емес, бұл аурудың алғашқы кезеңдерінде қолдануға болатын және жақсы нәтиже беруі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары