$ 494.87  520.65  4.91

Карантин кезінде балабақшалар қайта жұмысын бастай ма? - министр жауап берді

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды
Фото:  Reporter.kg
Фото: Reporter.kg

Білім және ғылым министрі карантин кезеңіндегі балабақшалардың жұмысы туралы айтты деп хабарлайды zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

"Қазіргі уақытта карантинді ұзарту туралы шешім қабылданды. Ал мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Осы уақыттан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты, оның ішінде кезекші топтардың жұмысы туралы шешім қабылданады. Біз бұл процеске белсенді түрде қатысамыз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды", - деді Білім және ғылым министрлігінің басшысы ОКҚ брифингінде.

1 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары, университет студенттері мен колледждер үшін оқу жылы қашықтықтан басталады. Айта кету керек, тек кішігірім ауылдық мектептер бұл ретте есепке алынбайды.

Сондай-ақ, ұялы байланыс операторлары мұғалімдер мен оқушылар үшін арнайы тарифтік жоспар әзірлеп жатқанын жазған едік. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді. Ведомство басшысы аталған тарифтік жоспардың мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңырауларды қамтамасыз ететінін атап өтті. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары