$ 445.66  474.58  4.78

«Даттаушылардан гөрі жақтаушылар көп»: Сенатор екі жаңа министрлік құруды ұсынды

Бұрын да парламент қабырғасында айтып жүрміз, қоғамдағы ең ауыр салалардың бірі осы Білім және ғылым министрлігі.
фото: dalanews.kz
фото: dalanews.kz

Күні кеше ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына "Әліппе" мен "Ана тілін" оқитын қайтадан оқитынын айтқан еді. Осы орайда, сенатор Мұрат Бақтиярұлы білім саласына қатысты өз ұсынысын білдірді. Мәселен ол, ағарту бағытында екі жаңа министрлік құруды ұсынып отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, идея авторының facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы кездері білім саласындағы өзгерістер әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жүргені белгілі. Осыы тұста, сенатор 
"темірді қызған кезінде соғу керек" деп ойлады ма екен, желіге ұсынысын жариялады. Оның пайымдауынша, "өз тілінде мүдірмей сөйлейтін, жиналыстарын ана тілінде өткізетін" бірден-бір министрі Асхат Аймағамбетов көрінеді.

"Білім және ғылым министріне қатысты әлеуметтік желіде сан алуан пікірлер қаптап жүр екен. Даттаушылардан гөрі жақтаушылар көп. Ол заңды да. Өйткені соңғы уақытта еліміздегі бес жүз мыңнан асатын ұстаздардың мүддесін қорғайтын "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылдануына, Ұлттық Әліппенің қайта оралуына тікелей мұрындық болған, әлеуметтік желіде білімге қатысты өз ойларын ашық айтып жүрген, өз тілінде мүдірмей сөйлейтін, жиналыстарының басым көпшілігін мемлекеттік тілде өткізетін бірден - бір жігерлі, ұлтжанды министр осы азамат", - деп білім министрлігінің "астына сөзбен көпшік қойды". 

Тағы оқи отырыңыз: «Жұртқа Аймағамбетовтің докторлық жұмысынан гөрі осы салада атқаратын ісі маңызды» - қоғам белсендісі

Одан соң, құқықтық мемлекет екендігімізді ескертіп өтті.

"Ал оның жазған ғылыми жұмысына қатысты жұмысты сараптау үшін тәуелсіз сараптама комиссия құрылып, соның шешіміне байланысты министр өзі шешім қабылдай жатар. Біз құқықтық мемлекет құрып жатқан елміз ғой. 

Бұрын да парламент қабырғасында айтып жүрміз, қоғамдағы ең ауыр салалардың бірі осы Білім және ғылым министрлігі. Осы саланы штат санын көбейтпей, қайта қысқарта отырып екіге Ағарту және кәсіптік білім беру министрлігі және Жоғары оқу орындары мен ғылымды дамыту министрлігі етіп бөлу керек. Бұл - заман талабы!", - деп ойын түйіндеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары