$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жалған диплом сататын сайт анықталды

«Жай ғана қағаздың болуы жеткіліксіз. Жалған дипломы бар адамның оқыған-оқымағанын анықтау қиын емес», - деп ескертті Білім және ғылым вице-министрі.

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Facebook парақшасына жоғары білім туралы дипломдарды сатуды ұсынатын сайттарды анықтау мақсатында интернет-ресурстарға мониторинг жүргізіліп жатқанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біз интернетте дипломдарды сататын ресурстарды үнемі қадағалап отырамыз. Анықталған кезде дереу әрекет етіп, арнайы органдарға арыз жібереміз, сосын домен өшіріледі», - деді ол.

Жақында дәл осындай ресурс анықталды.

«Белгілі бір аккредитацияға сілтемелер бар бағасы жазылған дайын дипломдар. Достар, абай болыңыздар! Оқу орындары берген барлық дипломдар тіркеледі. Олар біздің деректер қорымызда сақтаулы. Жай ғана қағаздың болуы жеткіліксіз. Жалған дипломы бар адамның оқыған-оқымағанын анықтау қиын емес», - деп ескертті ол.

Сондай-ақ, вице-министр елімізде жоғары білім туралы дипломның түпнұсқалығын тексеру қызметі құрылып, сынақтан өткізіліп жатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары