$ 447.4  477.55  4.76

Жерге алып астероид жақындап келеді

Оның жылдамдығы секундына 13,4 шақырымды құрайды.
фото: rg.ru
фото: rg.ru

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) жерге 2009 PQ1 астероиды жақындап қалғанын хабарлады, деп хабарлайды adyrna.kz сайты.

Астероидтың көлемі 84-190 метр аралығында екендігі белгілі болды. Бұл қауіпті астероид 5 тамызда ол Жерге өте жақын - 3,2 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтеді. Оның жылдамдығы секундына 13,4 шақырымды құрайды.

NASA баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2009 PQ1 астероиды 2019 жылдың 14 тамызында табылған. Аполлон деп аталатын астероидтар тобына жатады. Яғни қозғалу траекториясы Жер орбитасын кесіп өтетін астероидтың бірі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жер #астероид