$ 443.85  474.3  4.8

Мектеп берген компьютер бұзылған жағдайда құнын кім өтейді? - министр жауабы (ВИДЕО)

Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды.

Қашықтықтан оқу үшін мектептен берілген компьютерді бұзып алған жағдайда оның ақшасын төлеуіңіз ғажап емес. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, бүгін онлайн-брифингте осыны меңзеді, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бірақ тиісті техникамен қамтамасыз етілмеген оқушылар әлі де бар. Білім және ғылым министрі 1-ші қыркүйекке дейін компьютерлерді үлестіріп үлгеретіндеріне сенімді. Бірақ құрылғы бұзылған жағдайда құнын кім өтейді? Министр былай деп жауап берді:

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Заңнамаға сәйкес іске асырылатын болады. Бізде мемлекеттік мүлік туралы заң бар, азаматтық кодекс. Осы заңның 72-ші, 76-шы баптары осы мәселені қадағалайды. Сондықтан бұл заң шеңберінде шешіледі.

Бұл заңда мемлекеттік мүліктің берілу механизімі ғана көрсетілген. Заңгер Жандос Тұяқовқа хабарласып, сауалымызды төтесінен қойған-ек.

Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

Істен шығарған жағдайда міндетті түрде құны өтелуі тиіс. Ерікті түрде не сот арқылы мемлекеттің пайдасына жүзеге асырылатын болады.  

Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі ол мектептегі кезекші сыныптар. Қазір бұл жаңашылдыққа 500 мыңнан аса ата-ана өтініш берген. Дегенмен Бас санитар Айжан Есмағамбетова оқушылар, не ұстаздар арасында індетті жұқтырғандар табылса, мектеп жұмысын тоқтататын ескерті.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Егер ауру бірнеше сыныпта немесе әртүрі сыныптарға сабақ берген мұғалімдерден анықталса, ауруды одан ары таралуын болдырмау мақсатында мектеп толығымен жабылуы мүмкін.

Бұдан бөлек ұрпақтың білім алуы үшін басын қатерге тіккен мұғалімдерге жәрдемақы қарастырылған  ба деген сауалға да министрдің жауабы қысқа болды. Дегенмен ұстаздар үшін қуанарлық жаңалық та бар. Бұрын бір сыныпта 20-30 оуқшы болса, қазір 15-тен аспау керек. Демек сынып көп болған сайын, ұстаз үшін сағат көбейеді. Ал, ол тиісінше жалақыны көбейтеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары