$ 494.87  520.65  4.91

1 қыркүйектен бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

Одан кейін дәптер тексергені үшін де бұрынғыдан екі есе көп ақша алады.
Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап мұғалімдердің жалақысы өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Kun.kz бағдарламасында айтты.

"Біріншіден, 1 қыркүйектен бастап тәлімгерлікке ақша қосылады. Екіншіден, сынып жетекшісіне төленетін ақы екі есеге өседі. Одан кейін дәптер тексергені үшін де бұрынғыдан екі есе көп ақша алады. Бұдан бөлек, магистрлік дәрежесіне 27 мың теңге беріледі", – дейді Асхат Аймағамбетов. 

Сондай-ақ министр 1-ші қаңтардан бастап тағы да ұстаздардың жалақылары 25%-ға өсетінін атап айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары