$ 443.85  474.3  4.8

ҰБТ кезінде кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарын көшіруге көмектескен (ВИДЕО)

Ол аздай, екі қолын артқа қайырып, сағатына бір сәт қарап қойғаны анық көрінеді.

 ҰБТ тапсыру кезінде кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарының дұрыс жауабын табуға көмектескен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Дидар Смағұловтың Facebook-тағы жазбасына сілтеме жасап. 

Әлгі жазбадан тест тапсырып отырған мектеп бітіруші түлектерді көруге болады. Онда мұғалім тест сұрақтарын суретке түсіріп жатқан оқушының денесімен жапсыру үшін камераның алдына тұрып алған. Ол аздай, екі қолын артқа қайырып, сағатына бір сәт қарап қойғаны анық көрінеді. 

Бұл автордың жазбасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың өзі желідегі парақшасына бөлісті. 

"Конституция күніне сәйкес келіп, мереке күні 97 балаға арналған жақсы жаңалық!

ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тестіленушінің нәтижелері жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар).

Соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады. Толығырақ ҰТО парақшасында жариялайтын боламыз.

Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке байланысы бар екені туралы фактілер анықталды.

Қараңыздаршы, қандай "батырлықпен" сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұрғанын.

Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз", - делінген әлгі жазбада. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары