12.09.2020, 17:44

Facebook компаниясы студенттерге арналған платформаны іске қоспақ

Фото: ашық дереккөз
Платформада студенттер бір-бірімен араласып, топтарға біріге алады.

Facebook компаниясының өкілдері колледж бен университет студенттеріне арналған Facebook Campus платформасы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Платформада студенттер бір-бірімен араласып, топтарға біріге алады. Сонымен қатар алдағы студенттік іс-шаралар туралы ақпарат алып, оқу орнының әкімшілігінен жаңалықтар ала алады.

«Күзде оқу орындарының көбі қашықтан оқытады. Бұл платформа дәл осындай кезде өте пайдалы болады деп ойлаймыз», - деді Facebook Campus менеджері Чармейн Хунг.