$ 444.22  476.38  4.82

Бейжің жыл сайын 11 сантиметрге жер астына шөгіп барады

Ғалымдардың халықаралық тобы Қытай астанасы Бейжіңнің жер астына шөгіп бара жатқанын анықтады. Жерасты суларын тым көп пайдаланудың және пайдалы қазбаны шамадан артын игерудің салдарынан қала жыл сайын 11 сантиметрге шөгіп келеді екен. Зерттеу жұмыстарының қорытындасы Remote Sensing журналында жарияланды.

Зерттеушілердің айтуынша, аталған табиғи процесс жергілікті тұрғындардың өміріне бүгіннің өзінде қауіп төндіріп отырған көрінеді. Мегаполистегі темір жолдар кез келген уақытта опырылып жер астындағы қуысқа түсуі мүмкін. ондай-ақ, ғимараттардың да қирауы ғажап емес. Жердің шөгіп бара жатқанын InSAR деп аталатын арнайы қондырғы анықтаған.

Бейжіңнің Чаоян деген ауданында өзгеріс көзге анық көрініп отыр дейді ғалымдар. Бұл жерде биік ғимараттар мен бірнеше қабаттан тұратын көпірлер, жолайрықтар, туннельдер салынған.

Айта кетейік, Бейжің тұрған жазықтықтың астында мыңжылдықтар бойы жиналған жерасты суы бар. Бүгінде оны сорып шығару жұмыстары өте қарқынды жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары